Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау
12.10.2018
103
Жаңалықтар

Жолдауға қолдау

Данияр Сәтов, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ, МӨҚжТКЖБ қызметкері

– Президент Жолдауын ұжым болып мұқият тыңдап, өзара талқыладық. Жолдау ерекше ұнады. Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік жағдайы жыл өткен сайын жақсара түсуі үшін әкімдерге «ел үшін емірініп, жұрт үшін жүгініп» (Б.Момышұлы) жұмыс жасау керектігін ескертіп, қатаң тапсырмалар берді. Салынып жатқан баспаналардың қолжетімді болуы, білім беру сапасын түбегейлі өзгерту туралы ұсыныстары нысанаға дөп тиіп, көпшілік көңілінен шықты. Қазақстан халқы санының 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығының 72,5 жасқа жетуі де Президенттің сарабдал саясатының арқасы деп білеміз. Әрқайсымыз қал-қадірімізше озық 30 елдің қатарына ену үшін жанкештілікпен жұмыс жасауымыз керек деп есептеймін. 

 

Бауыржан ЕРКЕШОВ, 
«Доссормұнайгаз» МГӨБ механика бөлімінің бастығы

– Қазіргі таңдағы ең басты мәселе – тұрақты жұмыс орнының болуы. Өзім 1986 жылдан бері «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында еңбек етудемін. Темір ұстасы болып, еңбекке араласып отыз жылдан астам уақыт бойы табан аудармастан осы басқармада қызмет етіп келемін. 
Жолдаудың негізгі бағыты – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, оның ішінде жұмыспен қамту, жалақыны өсіру, жас мамандардың білімін шыңдау, денсаулықты сақтау. Бұл бағытта компаниямыз бізге жан-жақты қолдау көрсетуде. Жалпы Компанияда 5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың барлығын тұрақты және бәсекеге қабілетті жалақымен қамтып, әлеуметтік жағдайымызды жақсартуға үнемі қол ұшын созып келеді. 
Бұған қоса, жыл сайынғы еңбек демалысына қоса сауықтыру, баланың дүниеге келуіне, зейнет жасқа шығуға орай біржолғы төлемдер, қызметкер мен оның отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру, балалардың демалыс лагерьлеріндегі шығындарының өтемақысы және басқа да қолдаулар көрсетілуде. Компания өз зейнеткерлеріне де ерекше назар аударып келеді. 
Мемлекет басшысының Жолдауы қазіргі таңда жүргізіліп отырған саясаттың әлеуметтік салаға бағытталғандығының тағы бір нақты көрінісі болса керек. «Тұрмыс оңалмай, қоғам түзелмейді» демекші, жаңа Жолдау қамтыған өзекті мәселелерімен құнды. Ендігі кезекте құзырлы органдарға саннан сапаға, сөзден іске көшуге нақты міндеттер жүктелді. 

 

Жұмагүл Шонтыбаева,
«Өзенмұнайгаз» АҚ, МДжӨҚКБ жұмыскері

– Жолдауда біршама өзекті мәселелер көтерілді. Елбасының сөзінен соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылғанын білдік. Президент пайдасы зор спорт шараларына белсене қатысып, салауатты өмір сүруге ерекше мән бергеніміз жөн екендігіне тоқталып, бұқаралық спортты дамыту қажеттілігі туралы айтты. Жұмыс орнында креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аудару қажеттігін алға тартты. Жолдау көкейімізге қонды.

 

Артур ДІНҒАЛИЕВ, 
«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, Прорвадағы мұнай және газ өндіру цехының 2-категориялы геологы

– Тәуелсіз елдің тірегі – біздер, бәсекеге қабілетті жастар. Мұны Елбасы еш ұмытқан емес. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында жастарға ерекше мән беріп, өзекті мәселелерін жиі көтереді. Осы жолы Елбасы ЖОО бәсекелестікке төтеп беруі және түлектердің университет бітірген соң жұмыспен қамтамасыз етілуіне ерекше мән берді, құзырлы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұл тұрғыда «Ембімұнайгаз» АҚ-да жас мамандарды қолдау бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – Дуалдық оқыту бағдарламасы. Айта кетсек, «Ембімұнайгаз» АҚ – еліміздегі өзінің өндірістік алаңдарында дуалдық оқыту жүйесін енгізген мұнай өндіру секторындағы алғашқы компания. Жобаны жүзеге асыру кезінде 2015-2017 жылдарда «Ембімұнайгаз» АҚ басқармалары базасында 69 тәлімгер Дуалдық оқыту бағдарламасынан өтті. 
Университет қабырғасынан ұшқан көптеген жастың басты мәселесі – жұмысқа орналасу. Еңбек өтілінің болмауына байланысты кез келген мекеме жұмысқа қабылдай бермейтіні жасырын емес. Ембі жүзеге асыра бастаған аталған бағдарламаның тиімділігі сол, жоғары оқу орнын тәмамдаған жасқа дипломмен қоса өндірістік алаңдарда тәжірибеден өткені көрсетілген еңбек кітапшасы қоса беріледі. 
Жаңа Жолдауда Президентіміз келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынуы бекерден бекер емес. Тәуелсіздік жылында дүниеге келген, жаңаша ойлайтын ұрпақ осы елге-жерге иелік етуде ұрпақтар сабақтастығын ұмытпауы керек.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх