«Ембімұнайгаз» АҚ халықаралық көрменің күміс жүлдегері атанды

«Ембімұнайгаз» АҚ халықаралық көрменің күміс жүлдегері атанды
12.10.2018
93
Жаңалықтар

«Ембімұнайгаз» АҚ халықаралық көрменің күміс жүлдегері атанды

Биыл «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы «KIOGE 2018» көрмесінің семинар бөлмелерінің құрылысын қаржыландырып, шараның күміс жүлдегері болып танылды. Бұл бөлмелерде 26-28 қыркүйек күндері аралығында 3 күн бойы ірі мұнай-газ және сервистік компаниялардың 12 тақырыптық семинары өтті. Салалық шараларға Компания атынан Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков, кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Қ.С.Көзов, өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Б.М.Нсанбаев, сатып алу және жергілікті қамту департаментінің директоры А.Қ.Қамматов, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры І.М.Сарыбеков, ЕМГ-нің алты өндірістік құрылымдық бөлімшесінің басшылары, 4 мұнай-газ өндіру басқармасының геология және автоматтандыру бөлімдерінің жетекшілері қатысты. 


Отандық мұнай-газ кешенін цифрландыру «Мұнай және газ» халықаралық конференция­сы мен көрмесі тақырыбына арқау болды.   
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиевтің айтуынша, «Интеллектуалды кен алаңы» жобасын енгізудегі басты мақсат «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіруші активтерінде өндірісті басқарудың заманауи кешенді жүйесін қалыптастыру болып табылады. 
– Жобаны енгізу интеллектуалды технологияларды қолдану арқылы ұңғымалар мен кәсіпшілік жабдықтардың жұмысын оңтайландыру, өндірістік деректерді жинаудың толық ауқымды автоматтандырылған жүйесін құру, нақты уақыт режимінде кен алаңын игеруде интеграцияланған модельдеу, талдау, жоспарлау және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді... Біз барлық шикізаттың шамамен 90 пайызы шоғырланған және өсу әлеуеті бар 18 кен алаңын таңдадық. Оларды цифрландыруға 28 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр, – деп атап өтті KIOGE 2018 конференциясының өту барысында Қ.Есқазиев.
KIOGE 2018 көрмесінің семинар бағдарламасы шеңберінде ЕМГ мамандары ембілік кен орындарындағы «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасының қазіргі жағдайы мен тарату жөніндегі болашақ жос­парлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Өткен жылдан бастап жүйелерді Прорва тобы («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ), Жаңаталап («Жайықмұнайгаз» МГӨБ) және Шығыс Мақат («Доссормұнайгаз» МГӨБ) кен алаңдарына интеграциялау жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылдың соңына дейін Компанияның 12 кен алаңын цифрландыру жоспарланып отыр. Цифрлық кен алаңдары бір орында тұрмайтын болғандықтан, 2018 жылдың басында «Ембімұнайгаз» АҚ-да «Интеллектуалды кен алаңы» жобасын кеңейту үшін халықаралық мұнай-газ компанияларындағы жаңалықтар мен жүзеге асқан шешімдерді зерттейтін жұмыс тобы құрылды, – деді семинар барысында өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат Нсанбаев. 
Естеріңізге сала кетсек, соңғы жылдары ЕМГ өз кен алаңдарын цифрландыру жобасын сәтті жүзеге асыруда. 2016 жылы «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы пилотты режимде Уаз («Қайнармұнайгаз» МГӨБ) кен алаңына енгізілді. Аталған кен орнында оң нәтижелер алынған соң, жобаны өзге кен алаңдарына тарату шешімі қабылданды.  «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енді және Елбасының Атырау облысына сапары аясында компанияның бас кеңсесінде келгенде оң бағасына ие болды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх