Бірігу процесінің соңғы аккорды

Бірігу процесінің соңғы аккорды
12.10.2018
92
Экономика

Бірігу процесінің соңғы аккорды

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының артықшылықты акцияларды қайта сатып алу бағдарламасын жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. «ЕМГ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан Нақпаев пен қаржы директоры-қаржы бақылаушысы Нұрсауле Тәжімағамбетова, заң департаментінің қызметкері Мақсот Дюсенғалиевпен бірге Компанияға қарасты төрт – «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларын аралап, мұнайшыларға аталған бағдарлама жөнінде түсінік беру-насихат жұмыстарын жүргізді. 
– 2018 жылдың 13 тамызында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (КМГ БӨ) Директорлар кеңесі КМГ БӨ акционерлік қоғамының артықшылықты акцияларын кері сатып алу жөнінде бағдарламаны бекітті. 
Компанияның келешекте дамуы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияның жос­парына сәйкес операциялық активтерді басқарудың екі сатылы жүйесіне өту арқылы жүзеге асырылады. ҚМГ ҰК мұнай өндіруші «Ембімұнайгаз» АҚ-ға тікелей басшылық жасайтын болады. Болашақта ҚМГ БӨ дербес шаруашылық субъектісі ретінде өз әрекетін тоқтатуы мүмкін.
Бүгінгі таңда ҚМГ БӨ мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы арасында интеграция процесі жүріп жатыр. 2018 жылдың соңына таман «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өз жұмысын тоқтатуды жоспарлайды. Сол себепті компанияның акцияларын сатып алу ұсынысы туындап отыр. Сатылымға шығатын бір акцияның құны 12 800 теңге көлемінде бағаланған, – деп түсіндірді Компанияның қаржы директоры-қаржы бақылаушысы Нұрсәуле Әжіғалиқызы.
Осы орайда, ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан Жұмашұлы акцияларды сату немесе сатпау жөнінде әрбір акционер өзі шешім қабылдайтынын баса атап өтті. 
Кездесулер барысында жиынға қатысушылар тарапынан «егер акцияны сатпасақ, не болады?», «акция бағасының құны өзгере ме?», «бағдарлама не үшін қабылданып жатыр?» деген мазмұнда сұрақтар көбірек қойылды. Түсіндіру-насихат тобының мүшелері бұл сауалдарға нақты жауап берді. 
– Акцияларды сату жөнінде шешім қабылдау үшін акционер нені білуі керек? Ең бастысы, ҚМГ БӨ акционерлердің (олардың көпшілігі «ӨМГ» АҚ және «ЕМГ» АҚ жұмысшылары) мүддесін ескере отырып, артықшылықты акцияны сатып алу бағасын нарық бағасынан жоғары қою туралы шешім шығарды. Айта кетсек, акцияларды сатып алу бағдарламасы аяқталғаннан кейін, KASE биржасында делистинг болу ықтималдығы жоғары, өз кезегінде артықшылықты акциялар бағасы төмендеуі мүмкін, – деп атап өтті түсіндіру-насихат тобының мүшелері. 
Айта кетсек. ҚМГ БӨ  акцияларды сатып алу бағдарламасын 2018 жылдың 13 тамыз бен 15 қараша аралығында жүргізеді. Сату туралы өтініштер 2018 жылдың 15 қарашасы сағат 17.00-ге (Астана уақыты бойынша) дейін қабылданады.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх