Цифрлық жүйе сапаны жақсартады

Цифрлық жүйе сапаны жақсартады
30.10.2018
109
Өндіріс

Цифрлық жүйе сапаны жақсартады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзекті мәселелерді насихаттау, кеңінен түсіндіру мақсатында Атырау облысына сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде болды. Сапар барысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов және басқа да ресми тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бас кеңседегі Өндірісті процесті бақылау орталығында болған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ембінің өндірісі барысымен, компанияның «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасымен танысты. Ембілік мамандар  Уаз кен алаңында енгізілген тұжырымдама туралы толығырақ айтып берді.


– Тұжырымдаманың енгізілуне орай, электр энергиясын пайдалану 30%-ға азайып, ұңғымаларды жөндеуаралық мерзімі айтарлықтай қысқарды. Олардың тәуліктік өнім өндіру көрсеткішіне есеп жүргізуге мүмкіндік туды. 2017 жылы бұл жоба «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен алаңына енгізілсе, 2018 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Жаңаталап кен алаңына қолға алынды. 2024 жылға дейін ЕМГ-ге қарасты 12 кенішке тұжырымдама таратылады, – деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Ғабдуллин. 
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Атырау өңіріне келген ҚР Парламенті Мәжілісінің және «Нұр Отан» партиясының депутаттары Бейбіт Мамраев пен Мейрам Пішембаев та компанияның  бас кеңсесінде болды. Қонақтар компанияның интерактивті мұражайы мен өндірістік процесті жедел бақылау орталығының жұмыстарымен танысты. 
– Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Индустрияландыру жобасы жаңа технология­ларды енгізуде көшбасшы болуы тиіс», – деп атап өтті. Осы бағытта «Ембімұнайгаз» АҚ негізгі қызметінің барысында тың бастамалар мен жаңалықтарды жүзеге асыруда. Осындай бастаманың бірі – Уаз кен алаңында 2016 жылдан іске аса бастаған «Интеллектуалды кен алаңы» пилоттық жобасы. Кен алаңындағы өндірістік процестердің ақпараты онлайн режимінде дереу осы орталыққа түседі және бір мезетте Астана қаласындағы бас кеңсеге түсіп тұрады, – деді аталған орталығының жұмысымен таныстырған өндірістің автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат Нсанбаев.
Мұнай өндіру процестерін оңтайландыру, өндіріс барысында туындаған мәселелер бойынша жедел шешім қабылдау және талдау мақсатында жүзеге асып жатқан жоба «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Аталған жобаның жұмысына оң баға беріліп, компанияның цифрландыру бағытында айтарлықтай жетістіктерге жеткендігі ерекше атап өтілді.  
«Интеллектуалды кен алаңы» жобасының мақсаты:  
• мұнай өндіруді және басқа да жалғаспалы бизнес процестерді оңтайландыру бойынша жедел шешім қабылдау және талдау, мониторинг жүргізу үшін компанияның өндірістік процестерін Өндірісті жедел басқару орталығына нақты уақыт режимінде түсетін ақпараттарды бұдан әрі қорытындылау және бизнес-процестерді автоматтандыру;
• жетілген активтерде – табыстылық, мұнай беру және жалпы дайындау мерзімін ұзарту бойынша міндеттердің мақсатқа сәйкес дайындаудың соңғы кезеңдерінде жоғары суландырылған кен орындарға қолданылатын басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх