«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» қызметкерлері көпбалалы отбасыға баспана тұрғызды

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» қызметкерлері көпбалалы отбасыға баспана тұрғызды
30.10.2018
100
Әлеумет

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» қызметкерлері көпбалалы отбасыға баспана тұрғызды

Маңғыстау облысында бастау алған «Асар» қайырымдылық акциясы және Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойы аясында өткен жылдың желтоқсанында «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС жұмысшысы, көпбалалы отбасын асырап отырған  Сойырқаз Нәбиге баспана салып беру жобасы қолға алынды. Серіктестік ұжымының ауызбіршілігі арқасында мамыр айында үйдің құрылысы басталып кетті. 
Бүгінде 5 бөлмелі үйдің қабырғасы қаланып бітті. Төбесі жабылып, үйдің іші сырланып, жылу жүйесі жүргізілді. Асарлатып жасап жатқан бастамаға кәсіпорын қызметкерлерінің бірі қаржылай, енді бірі заттай, ал келесісі қол күшімен демеу болды. 


Асар – бұл ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптың бір түрі. Қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен орындалатын жұмыс. «Асар» халқымыздың бірлігін, көмек қолын беруге, жақын дос адамдарға қамқорлық жасайтынын көрсетеді.    
«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігі қызметкерлерінің игі істері өзге де мекемелерге үлгі болсын деп тілейміз. Қаймағы бұзылмаған ауылдардың бірлік-берекесі кетпесін! 

Мұрат Бекмағанбетов
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх