Айбек – өндірістің үздік жас маманы!

Айбек – өндірістің үздік жас маманы!
30.10.2018
117
Қызметкерлер

Айбек – өндірістің үздік жас маманы!

Қазан айының соңғы күні Елбасының Жарлығымен «Еңбек күні» болып бекітілген болатын. Атаулы мерекеге орай жуырда Астанада еңбек форумы өтіп, «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды. 
Байқауға «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай өндіру операторы Айбек Тұрсынбек «Өндіріс­тің үздік жас маманы» номинациясы бойынша қатысып, жеңімпаз атанды. 
Жас та болса, алғыр маман байқаудың талаптарына сай барлық шарттарын орындап, қызметі бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Нәтижесінде, облыстық кезеңнен оза шығып, республикалық кезеңге жолдама алды. Еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларының үздік мамандары қатысқан байқауда Айбек Атыраудың намысын абыроймен қорғап шықты. Үздіктер шығармашылық тапсырмалардың сапалығы және электронды дауыс беру нәтижесімен анықталды. 
Республикалық байқауда жеңіске жеткен әріптесімізді құттықтаймыз! 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх