Тәуелсіз директорлар «Ембімұнайгаз» АҚ визуализация орталығында болды

Тәуелсіз директорлар «Ембімұнайгаз» АҚ визуализация орталығында болды
29.04.2016
554
Трансформация

Тәуелсіз директорлар «Ембімұнайгаз» АҚ визуализация орталығында болды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ трансформациялау Бағдарламасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациялау Бағдарламасы аясында 2014 жылдың қазан айынан іске қосылып, жүзеге асырылып келеді. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобы компаниялары қызметінің тиімділігін арттыруға озық тәжірибелер мен басқару технологиясын жетілдіруге және енгізуге бағытталған болатын.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары Ембіде болып, өндірісті трансформациялау бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ тәжірибесімен танысты. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев қонақтарға «Ембімұнайгаз» компаниясының – «Интеллектуалды кен орны» және «Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді оңтайландыру мен техникалық қызмет көрсетуді және мұнайкәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу процесстерін оңтайландыру» сынамалы жобалары туралы ЕМГ Бас кеңсесіндегі интеллектуалды кен орнынан келетін және жедел басқарылу жүзеге асырылатын визуализация Орталығында экран арқылы көрсетіп, айтып берді. Аталған жобалар мұнай өндіру көлемін көбейту, шығындардың тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Одан әрі ЕМГ мамандары аталған жобалардың бүкіл жұмыс процесі, SAP жүйесінің мүмкіндіктері мен қызметінің әр алуандығы, қазіргі заманғы IT-технологияның енгізілуі, ұңғымаларды аралық жөндеу кезеңін ұзарту, электр энергиясын, басқа да шығындарды азайту, экономикалық тиімділік, еңбек қорғау мен қауіпсіздік бағытындағы жетістіктерге тоқталып, жан-жақты түсінік берді. Қонақтар жұмыс процесіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтар қойып, мамандардың тұшымды жауаптарын тыңдады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх