«Жырлаймын сені, Жаңаөзен!»

«Жырлаймын сені, Жаңаөзен!»
30.10.2018
61
Қоғамдық-мәдени өмір

«Жырлаймын сені, Жаңаөзен!»

Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай №3 Мұнай-газ өндіру басқармасы әкімшілік-әлеуметтік қамту бөлімі кәсіподақпен біріге отырып, цехаралық «Жырлаймын сені, Жаңаөзен!» атты патриоттық әндер байқауын өткізді. Байқау әнұранмен ашылды. Әділқазылар алқасы құрамында «Өзенмұнайгаз» АҚ Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов, Персоналды басқару және дамыту директоры Ермек Көптілеев, кәсіподақ заңгері мен маманы Назар Әбішаев және Жанар Мананова болды.
Байқауға басқармаға қарасты 8 цех тас-түйін болып дайындалыпты. Өнерлі жігіттер мен қыздар ән айтып, 7 минуттық бейнетаспаларын ұсынды. 
«Болғанда атам қазақ, анам қазақ, мен неге қазақтықтан сақтанамын»,-деп Міржақып айтқандай, қазақ екенін әрдайым мақтан тұтатын №1,5 МГӨК жұмыскерлері Асқар Ноғай мен Қайрат Жолдасбаевтың шырқаған әндері көпшілік көңілінен шықты. Рәмила Аманжолова «Жаңаөзен» атты өлеңін оқыды.
№3 МГӨБ директоры Ғабит Әбенов, кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев пен спорт әдіскері Шәріп Ақжігітов өз ісінің мамандарына Құттықтау қағазы мен сертификат, дүбірлі додаларда басқарма мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатып жүрген бір топ спортшыларға диплом және ақшалай сыйлықтар тапсырды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх