Әлия Құрбанбаева: Компания құрметіне ризамыз

Әлия Құрбанбаева: Компания құрметіне ризамыз
30.10.2018
91
Әлеумет

Әлия Құрбанбаева: Компания құрметіне ризамыз

Мен «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №2 Мұнай-газ өндіру басқармасының қабат қысымын сақтау цехында сораптар станциясының машинисі болып 24 жыл бойы жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде екінші отбасыма айналып кеткен әріптестеріме алғысым шексіз.
2016 жылы абыроймен зейнеткерлікке шықтым. Құрмет демалысында жүрген біздерді компания басшылығы ұмытпай, мерекелерде дастархан жайып, жылы сөздерін айтып, сыйлық тапсырып жатады. Біз оларға өте ризамыз. 
Түсінгенім, еңбегіңнің зейнетін көру үшін ұзақ жыл бойы қажырлы еңбек етіп, абыройлы болу керек екен. Зейнеткерлерін сый-құрметпен қадірлейтін, қызметкерлерін сүйіп қастерлейтін компания ешқашан өлмейді. Қазақта «еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет» деген керемет сөз бар. 
Маңдай терін төгіп, адал еңбек етіп жүрген мұнайшылар біздің заманның нағыз қаһармандары. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх