Мұнайгаз саласындағы тиімді тәсілдер талқыланды

Мұнайгаз саласындағы тиімді тәсілдер талқыланды
31.10.2018
129
Жаңалықтар

Мұнайгаз саласындағы тиімді тәсілдер талқыланды

Қазанның 31-і мен қарашаның 2-і дейінгі аралықта Астанада Тәуелсіздік сарайында бесінші Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі болып өтті. Іс-шараны Каспий өңіріндегі мұнай-газ секторы және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қолдауымен Мұнайшы-инженерлер Қоғамы (SPE) ұйымдастырды. Оған Каспий өңіріндегі «ExxonMobil», «NCOC», «Теңізшевройл», «Chevron», «Total», «Eni», «Schlumberger», «Baker Hughes» – ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты. Халықаралық шарада мұнай өндірудің өзіндік құнын төмендету және сала жұмысының тиімділігі туралы мәселелер талқыланды. 

Конференцияның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев, SPE 2019 президенті Сами Альнуаим, «KAZENERGY» Қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин және «PSA» ЖШС бас директоры Мұрат Жүребеков сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мұнайгаз саласының келешегі мен өзара іскерлік ынтамақтастық мәселелеріне тоқталып өтті. 

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі таңда Қазақстан энергетикалық ел ретінде танымал және мұнай өндіру бойынша ең озық 15 елдің қатарында екенін атап айтты. Бұл ретте министрліктің жер қойнауын пайдалану, өндірістік озық технологияларды енгізуге бағытталған бас­тамалар бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыратынын жеткізді.

 

«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысушыларды Ұлттық компания атынан құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Өз сөзінде Қ.Есқазиев бүгінгі күннің өзекті міндеті – тиімді геологиялық барлау жүргізу және қорлар көлемін арттыру екенін баса атап айтты. Сондай-ақ, ол жаңадан қабылданған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының 10 жылдық Даму стратегиясы ауқымды геологиялық барлауды дамытуға бағытталғанына тоқталып өтті. 
Биылғы конференция «Инвестициялық жобаларды ынталандыру үшін мейлінше бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбын қамтыды. Инвесторлар мен өндіруші компаниялар үш күн бойы «Цифрландыру», «Бәсекелестік жағдайындағы ынтымақтастық» және «Жобаны орындауды оңтайландыру» тақырыптары бойынша 3 панельдік және 12 техникалық пікірталас сессияларына қатысты. Онда мұнай-газ өнеркәсібінің алпауыт компанияларының өкілдері, белгілі халықаралық спикерлер сөз сөйледі. Сессиялар мақсаты – Каспий өңірі секторы арасындағы өзара іс-қимылды арттыру және ынтымақтастықты ынталандыру. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы 50 зерттеу презентация жасалды. 
Іс-шараның маңызды элементі нетворкинг болды. Нетворкинг делегаттарға кәсіби байланыстарды орнатуға, жаңа технология­лармен танысуға және өзара пікір мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх