Өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі талқыланды

Өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі талқыланды
28.04.2016
349
Жаңалықтар

Өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі талқыланды

27 сәуір күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Eni S.p.A. компаниясының аға вице-президенті – барлау және өндіру бойынша бас директоры Антонио Велламен кездесті.

Кездесуге Eni S.p.A. компаниясының Орталық Азия бойынша вице-президенті Даниелле Берторелли және Қашаған және Қарашығанақ жобалары бойынша басқарушы директоры Лука Виньятти қатысты. 
Антонио Велла Құрманғазы Есқазиевты ҚМГ БӨ бас директоры лауазымына сайлануымен және «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық – жоғары марапатын алуымен құттықтады.  
Кездесу барысында әріптестер ҚМГ БӨ және Eni екіжақты өзара тиімді қарым-қатынас ынтымақтастығының келешегі жайында, атап айтқанда, барлау және өндіру саласындағы жаңа технологиялар, қызметкерлерді басқару және мамандар әлеуетін дамыту, сондай-ақ HR қызметі жұмыскерлері арасында тәжірибе алмасу туралы талқылады. Бұдан басқа, тараптар корпоративтік басқаруды жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Анықтама: 
Eni S.p.A. – әлемнің 70 елінде бизнес жүгізіп отырған халықаралық компания. Компанияда 76  мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Компания акциялары Милан және Нью-Йорк (NYSE) қор биржаларында айналымда. Eni компаниясы қызметінің негізгі үш бағыты: көмірсутегін барлау және өндіру, газ және электроэнергетика, мұнай өңдеу және сату. 
Eni S.p.A – вертикальді ықпалдастырылған мұнайгаз компаниясы зерттеу және игеру, мұнайды тасымалдау және игеру, базалық май және қоспа өндірісі және блендинг және тауарлық майды бөлшектеп өлшеу толық циклі бойынша жұмыс істейтін аздың бірі.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх