Ер дәулеті – еңбек

19.11.2018
167
Өндіріс
Ер дәулеті – еңбек
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасы арнайы техника жүргізушілері Толыбек Бердібаев, Қолдасбай Мұрынов, Демеу Орынбасаровтардың атқаратын жұмыстары Өзен кенорны үшін өте маңызды. Олар мұнай өнімділігі түсіп кеткен әрбір скважинаға тәулігіне 120 шаршы метр қайнаған су айдап, мұнай парафинін ерітеді. Күні-түні тер төгіп жүрген мұнайшылар еңбек бағаланса, жұмыс сапасының артатынын айтады.
«Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» деген даналық бар. Ер дәулеті – еңбек деп елі үшін тер төгіп, несібесін жүргізуші деген сүйікті кәсібінен айырып, отбасының тіреуі болып жүрген абзал әке, ұжымына қадірлі әріптестерімізге сәттілік тілейміз.