Ақша есепті сүйеді

Ақша есепті сүйеді
19.11.2018
133
Қызметкерлер

Ақша есепті сүйеді

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы №2 Мұнай-газ өндіру басқармасында есепші болып жұмыс жасап жүрген Клара Баймұқанованы әріптестері қабілетіне, кәсіби біліктілігіне, сан жылдық тәжірибесіне қарап, қатты қадірлейді.
Осы салада 35 жылдан бері өнімді еңбек етіп келе жатқан Клара өз мамандығы туралы «Есепші – өте қызық кәсіп. Мен Ресейдегі Астрахань қаласында оқып, бухгалтер мамандығын алып шықтым. Адам өз ісін ұнатпаса, одан жақсы нәтиже шықпайды. Бухгалтер болу үшін адамға табандылық, ойлай алатын іскерлік қажет. Кез-келген жұмыста тәртіп болғаны дұрыс. Тәртіпке бас игеннің құл болмайтыны – бабалар айтқан ақиқат. Біз ақшамен жұмыс жасаймыз. Басқарма қаражатын есептейміз. Кірісті, шығысты қадағалаймыз. Есепші жұмысын отбасы бюджетін жоспарлаумен салыстыруға болады. Есепші көп сөзге жоқ. Олар үлкен істі үнсіз тындырады. Тоқетері, ақша есепті сүйеді», – дейді.
Клара туралы әріптестері Айнагүл Есжанова, Сәлима Сандыбаева, Дина Күреңбаева, Айгүл Оспанова, Нұрзия Наушабаевалар қолға алған ісін орта жолда қалдырмайтын нағыз өз ісінің майталман маманы екендігін айтады. Ол  жұмыста – жақсы маман, үйде – бақытты әже. Өзі шырқайтын Шәмшінің әндерімен өсіп келе жатқан балдай тәтті Мұқсару, Кәусар, Азалия, Рақымжан, Мәриям, Ибраһим атты немерелері – әже өмірінің мәні мен сәні. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх