Жұмыс орным үйге айналып кеткендей...

Жұмыс орным үйге айналып кеткендей...
19.11.2018
117
Қызметкерлер

Жұмыс орным үйге айналып кеткендей...

Еңбек адамы

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №2 Мұнай-газ өндіру басқармасындағы қабат қысымын сақтау цехында сораптар станциясы машинисі болып жұмыс жасап жүрген Лиза Сақиева мұнай саласында 1993 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. 
Лизаның серігі Дәметкен Индибаева да жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын, нағыз еңбекқор жан.  
№ 6 «а» ШСС шебері Жұмасат Турабеков те нағыз өз ісінің маманы. Бірнеше жылдан бері ерінбестен абыройлы еңбектеніп жүрген шеберге әріптестерінің құрметі ерекше. 
Лиза өз жұмысы туралы «жұмыс орным үйге айналып кеткендей. Әріптестерім де жақсы. Өзенмұнайгаз сияқты тұрақты компанияда еңбек ету – мен үшін бақыт. Жалақыма да көңілім толады» – дейді. 
«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар» – деп хакім Абай айтпақшы, мұнайшылардың маңдай термен тапқан нәпақасы олардың отбасының шырайын келтіріп, берекесін кіргізіп отыр.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх