«Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компанияларына жаңа басшылар сайланды

«Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компанияларына жаңа басшылар сайланды
20.04.2016
428
Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компанияларына жаңа басшылар сайланды

«Өзенмұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ӨМГ бас директоры (басқарма төрағасы) болып биылғы жылдың 19 сәуірінен бастап Хасанов Дәулетжан сайланды. Ол бұл қызметті ҚМГ БӨ бас директорының орынбасары лауазымымен қоса атқаратын болады. «Өзенмұнайгаз» АҚ-на соңғы үш жылдан астам уақыт жетекшілік еткен Мақсат Ибағаров ҚМГ БӨ барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

18 сәуір күні «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев ӨМГ ұжымына жаңа басшыны таныстырды және өндірістік және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда, мұнай өндірудің тұрақты деңгейде болуы жолында атқарған қажырлы еңбегі үшін Мақсат Ибағаровқа алғысын білдірді. 
«Мақсат Оңғарбайұлы үлкен ұжымды қиын кезеңде басқарып, өте нәтижелі еңбек етті, көптеген көрсеткіштердің жақсаруына жетекшілік етті. Барша еңбек ұжымының атынан М.Ибағаровқа атқарған адал қызметі үшін алғысымды айтамын. Дәулетжан Хасанов осыған дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті қызметін табысты атқарды. Бұл саланы жетік білетін маман. Ол «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарын жасақтап, өнімді жұмыс істейді деп есептейміз» деген «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Қ.Есқазиев жаңа басшының алдында тұрған міндеттерді де айқындады. Дәулетжан Хасанов ӨМГ бас директоры болып сайланғанға дейін «Қаражанбасмұнай»АҚ Президенті, «Технологиялық транспортты басқару және скважиналарға қызмет көрсету» ЖШС бас директоры, ҚМГ БӨ активтерді басқару бойынша басқарушы директор лауазымдарын атқарған. 
«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып Қайырбек Елеусінов тағайындалды, сонымен қатар ол бұл жұмысты ҚМГ БӨ-де «Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары бойынша бас директордың орынбасары лауазымымен қоса атқаратын болады. 
Ал, «Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ҚБМ президенті болып 2016 жылдың 19 сәуірінен бастап Қайыржан Есен Қайыржанұлы сайланды. ҚБМ-да өткен кездесу барысында ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев Дәулетжан Хасановқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді және ҚБМ жаңа басшысы алдына жаңа міндеттерді қойды. Есен Қайыржан ҚБМ президенті болып сайланғанға дейін «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры лауазымын атқарды, «Құмкөл-ЛУКойл» АҚ, «Южнефтегаз» МАҚ компанияларында, «Жетыбайнефть» МГӨБ, «Мангышлакнефть» бірлестігінде жұмыс істеді. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В.П.Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, РФ Үкіметі жанындағы МБМ ЖКБ Халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх