Қайырымды жандар марапатталды

Қайырымды жандар марапатталды
19.11.2018
132
Әлеумет

Қайырымды жандар марапатталды

Ақтау қаласы әкімдігінің ұйым­дастыруымен өткен салтанатты жиында бірқатар азамат «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. Марапатталушылар ішінде құрылғанына екі-ақ жыл болғанына қарамастан, біраз шаруаның басын қайырып тастаған Жаңаөзен қайырымды жандар тобы жетекшісі, «Өзенмұнайгаз» АҚ  жұмыскері Сәнім Мұратова да бар. Ол «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша марапатталып, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хатына ие болды. Алғыс хатты Олимпиаданың бокс­тан күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов тапсырды. 


Жаңаөзен қайырымды жандар тобы жинаған 19 миллион теңге қаражатқа 8  адамға ота жасалды. Бұдан бөлек мұқтаж жандарға үздіксіз көмек көрсетіліп келеді.
«Бізге үнемі қолдау көрсететін мұнайшыларға, жағдайы нашар отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға жаңа жылдық сыйлық берген Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединовке, мерекеде 300 балаға ойыншық алып берген Кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағановқа, Спартакиададан жеңіп алған жалпы командалық қаржылай жүлдені қайырымдылық шотына аударған №3 МГӨБ спортшыларына Алланың нұры жаусын. Адамның дүниеге келгендегі негізгі мақсаты-бір-біріне қызмет ету, жақсылық жасау, бірін-бірі демеу. Бұл маған берілген марапат емес, Жаңаөзен қайырымды жандар тобына берілген марапат деп білемін» – деді Сәнім Мұратова.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх