«Гобой үні» атыраулық жас таланттың шығармашылық кеші осылай аталды

«Гобой үні» атыраулық жас таланттың шығармашылық кеші осылай аталды
19.11.2018
97
Қоғамдық-мәдени өмір

«Гобой үні» атыраулық жас таланттың шығармашылық кеші осылай аталды

Жуырда Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда жас та болса үлкен өнер иесі, Атыраудың мақтанышына айналған Айнель Тұрағалиеваның концерті өтті. Камералық оркестрмен бірге ол Вивальди, Платти, Марчелло және тағы басқалардың шығармаларын гобой аспабымен орындап, кештің сәнін әсем әуенмен әрледі.  
Айнель 8 жасынан бастап музыкаға ерекше бет бұрып, осы уақытқа дейін сүйікті аспабын еш тастаған емес. Дарынды балаларға арналған Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында білім ала жүріп, Айнель республикалық, бүкілресейлік және халықаралық конкурстардың Бас жүлде иегері, лауреаты атанған болатын. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен табандылығы мәскеулік аудиторияны бағындыруға септігін тигізіп, ұстаздардың оң бағасына ие болды. Жас өнерпаздың өнеріне тәнті болған ұстаздары Айнельді Гнесиндер атындағы Мәскеу музыка мектебіне оқуға түсуге ұсынады.  
Күрделі қабылдау емтихандарынан сүрінбей өтіп, сынақтарды сәтті тапсырған Айнель – бүгінгі таңда аталған білім ордасының ақылы бөлімінің шәкірті. Әкесі Ғалилолла Хұсайынұлының айтуынша, өнер иесінің арманының орындалуына «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы үлкен септігін тигізді. Компания Тұрағалиевтердің өтініштеріне бірден елең етіп, демеушілік көмек көрсетті. Облыстық филармонияда өткен шығармашылық кешті Айнельдің туыстарымен бірге ЕМГ АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова тамашалады. Ол жас дарындарды қолдап жүрген кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Айнельге алдағы өмір жолында сәттілік мен биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх