Не жеп жүрсіз?!

Не жеп жүрсіз?!
19.11.2018
98
Әлеумет

Не жеп жүрсіз?!

Ой түрткі

Мен өзім көп нәрсеге күмәнмен қараймын. Базардағы тауық сирақтарының кеуделері қайда деген сұрақ мазалайтыны жасырын емес.
«Қазақстан тағамтану академиясы» статистикасының мәліметіне жүгінсек, халықтың 60 пайызы өлім-жітімге дұрыс тамақтанбағандықтан шалдығып отырған көрінеді.
Аталмыш академияның президенті Төрегелді Шарманов фаст-фуд тағамдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салады. Бұл тағам асқазанның ауруына әкеліп соқтыратын көрінеді. Бауырсақты қайта-қайта пайдаланған майға пісіру де зиян. Шарманов мырза калориялық күш жағынан маңызды тамақтарды май мен етті атаса, денсаулыққа пайдалы, ракка қарсы дәрумендер көкөністің құрамында екенін ескертеді.
Көп адам тамақтану дегенді қарнымыз ашпаса болды деп түсінеді. Расында да, асқазан деген жуынды төгетін итаяқ емес екенін естен шығармаған жөн. 
Адамды дертке шалдықтыратын екі нәрсе бар. Бірі – ой кеселі. Екіншісі – дұрыс тамақтанбау.Шамадан артық ішіп-жеу де бүгінгі күннің күрделі проблемаларының бірі. «Біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық» деп баян еткен Жаратушы Иеміз. Психолог-мамандардың айтуынша, адамның ажары дұрыс тамақтануға және сол адамның ішкі дүниесіне байланысты көрінеді. «Ақыл–алтау, нәпсі – жетеу» деген сөз бар қазақта. Осы жеті арсыздың бірі – тамақ. Екі аяқты, жұмыр басты пендеге алдымен керегі –қарынның тоқтығы. Дегенмен өзгелер сияқты тамақтану мәдениетін қалыптастыру арқылы тамақтану рационымызға мән берсек, нұр үстіне нұр болар еді. Майлы астан бір мезгіл бас тартып, көбінесе салат тағамын тұтынсақ, ешкім қолымызды қаға қоймас. Витамині аз, бірақ калориясы көп майлы тағамдарды шектен тыс пайдалану жүрек-қан тамырлары ауруларын, қан қысымын тудыратынын дәрігерлер айтып та, жазып та жүр. Майлы тағамдардан адам ағзасында артық май жиналады. Пакеттерге салынған қытырлақ картоп, жасанды сорпалар, газды сулар асқазан, бүйрек, бауырды зақымдайды. Пайдалы тағамдар қатарына: ет, сүт тағамдары, көкөніс, сұлы, арпа, қарақұмық, тары, бидай өнімдері жатады.
«Сіз нені жесеңіз содан қалыптасасыз» («Вы то, что вы едите...») деген еврейлерде нақыл бар екен. Ал, сіз не жеп жүрсіз?!
Сарша СҮГІРӘЛІ, 
 «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкері
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх