Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
20.11.2018
104
Жаңалықтар

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Алик Серікұлы Айдарбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның бұйрығымен 2018 жылғы 20 қараша күні «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының төрағасы қызметіне тағайындалды. 
Алик Серікұлы 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысы, Александровка ауылында дүниеге келген. 
1985 жылы Қазақ политехникалық инс­титутын «Мұнай және газ кенорындарын игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы бастады. Әр жылдары «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ оператор-технологы,  қабат қысымын ұстау цехы басшысының орынбасары, «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ қабат қысымын ұстау учаскесінің басшысы, мұнай және газ өндіру цехының басшысы, бас директорының орынбасары, бірінші вице-президенті, «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры, «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 
2018 жылдың қаңтарынан бастап қараша айына дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх