«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қызметкерлері латын графикасына әліпбиінде диктант жазды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның  қызметкерлері латын графикасына әліпбиінде  диктант жазды
28.11.2018
92
Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қызметкерлері латын графикасына әліпбиінде диктант жазды

Қазақстан  Республикасы Президентінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшуге қатысты тапсырмасына сәйкес, «Рухани Жаңғыру» жобасын іске асыру аясында адами ресурстарды басқару блогы қарашаның 21-і күні  қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бойынша  диктант жазу шарасын өткізді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның  қызметкерлері қатысқан шара жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгеруге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылды.

Диктантқа 25 қызмекер қатысты. Диктант басталар алдында қатысушыларға латын графикасындағы әліпбидің бекітілген соңғы нұсқасы берілді. Диктант сонында жазылған мәтіннің дұрыс варианты көрсетілді де, әркімнің өз жазғанын тексеругі мүмкіндігі болды.

Осы шара жөнінде қатысушылар өз пікірлерін де айтты. Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Б.С.Сейдахметова: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауы негізінде іске асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде жүргізіліп жатқан шара бүгін біздің компаниямызда да жалғасын тапты. Ана тілімде еркін сөйлей алғаныммен, латын әліпбиімен жазып көруге деген қызығушылықпен шараға қатысып көрдім. Рухани құндылығымыз болып табылатын мемлекеттік тілді дамыту маңызды мәселенің бірі екені баршаға мәлім. Тіл мәселесі қолға алынып жатқаны мені қатты қуантады. Латын қарпімен қазақ тілінде жазған диктанттың тақырыбы да бүгінгі күннің негізгі мәселесін. Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заңгері Сәтбаев Әл-Фарабидің айтуынша: «Осындай диктанті өткізу- өте озық ой болып табылады. Тақырыбы өте маңызды. Маған осы шара өте ұнады.» аша түскендей.» Қаржы блогының хатшы-референті Жәнібек Гүлденсің: «Жалпы латын әліпбиіне көшуімізді өз басым құптаймын. Себебі жаңа деңгейге көтерілу үшін өзгерісті өзімізден бастауымыз керек деп ойлаймын. Сонымен қатар шетелдіктердің біздің тілді тусінуіне ықпалы зор, яғни оларға  және бізге оңайырақ болар. Әрине, бастапқыда қиыншылықтар туындауы мүмкін, бірақ арты жақсылыққа әкелетініне сенімім зор. Рахмет.»

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх