ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Жаңаөзен қаласында болды

24.04.2016
387
Жаңалықтар
ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Жаңаөзен қаласында болды
23-сәуір күні Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Жаңаөзен қаласына іс-сапармен келді.
Сапар барысында Қанат Бозымбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты Мұнай дайындау және өндіріске қызмет көрсету басқармасында болды.
Министр «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы негізгі өндірістік көрсеткіштері, Мұнай дайындау және жөнелту цехының технологиялық қондырғыларының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, басқармадағы химиялық зертхананың жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті.