«ҚазГерМұнайда» – жаңа басшы

«ҚазГерМұнайда» – жаңа басшы
30.11.2018
134
Жаңалықтар

«ҚазГерМұнайда» – жаңа басшы

26 қараша күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ мұнай және газды өндіру жөніндегі директоры Қуанышбай Нұрғалиев және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ игеру және күрделі құрылыс жөніндегі вице-президенті Болат Көшербаев «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесінде жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында Серіктестіктің басшылық құрамымен кездесу өткізді.
Ұжымға «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы тағайындаған «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС Бас директоры Мұрат Кеңесбайұлы Мұстафаев таныс­тырылды. Бұл қызметке дейін Мұрат Мұстафаев «ҚазМұнайГазҒЖЗИ» ЖШС Бас директоры лауазымын атқарған. Енді М.Мұстафаев еңбек жолын Сыр өңірінде жалғастыратын болады. 
Ал Серіктестіктің бұрынғы бас директоры Есен Қайржан «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының сатып алу жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.  
Өңір басшылығы Есен Қайржанұлына кәсіпорынға сіңірген еңбегі үшін алғысын білдіріп, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыс­тады.  


Өмірдерек
Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы 1972 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келді. Қызылорда политехникумын, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің геологиялық барлау факультетін «Тау инженер-геологы»  мамандығы бойынша бітірді. Іскер әкімшілік магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 1997 жылы «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ-да мұнай мен газды өндіру бойынша 2-ші дәрежелі оператор қызметінен бастады. Әр жылдары «ХаррикейнҚұмкөлМұнай» АҚ-да бригаданың аға операторы, инженерлік қызмет ұңғымаларын зерттеу бойынша 5-дәрежелі операторы, «Қуат Амлон Мұнай» БК бас кеңсесінде дала геологы, «Торғай – Петролеум» АҚ-да жетекші геолог – геология қызметінің басшысы, игеру жөніндегі жетекші инженер, игеру бөлімінің бастығы, бас геолог, геология және игеру жөніндегі директоры, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да бас геолог, бас директордың геология жөніндегі кеңесшісі, геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.  
2016 жылы «ҚазМұнайГазҒЖЗИ» АҚ-да қоржындық менеджмент жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары, Бас директоры (Басқарма төрағасы) лауазымдарында болды.
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» дипломы және төсбелгісімен марапатталды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх