Назарбаев университеті – мұнай кәсіпшілігінде

Назарбаев университеті – мұнай кәсіпшілігінде
30.11.2018
77
Жаңалықтар

Назарбаев университеті – мұнай кәсіпшілігінде

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына Назарбаев университетінен бір топ өкіл келді. Қонақтар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауап алды.

Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров компанияның атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бағытындағы жетістіктерге тоқталып, жан-жақты түсінік берді.


Делегация МӨҚжТКЖБ, Жер жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехы нысандарымен танысып, №1 МГӨБ өндіріс аймағында орналасқан №6411 көлбеу қазылған скважинаны көрді. 
«Акционерлік қоғамның әр қызметкері еліміздің экономикасына өз үлесін қосуда. Компанияда мұнайшылар үшін жақсы әлеуметтік жағдай мен жұмысқа қолайлы мүмкіндіктер жасалған», – деп сөзін қорытындылады Мақсат Оңғарбайұлы.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх