Барды бағалай білу – бір бақыт

Барды бағалай білу – бір бақыт
30.11.2018
125
Қызметкерлер

Барды бағалай білу – бір бақыт

Еңбек адамы

«Өзенмұнайгаз» АҚ №2 Мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты №45 топтық қондырғыда слесарь-жөндеуші болып жемісті еңбек етіп жүрген Дүйсенғали Бекмағамбетов – өз ісінің шебері. 28 жылдан бері мұнай саласында тынбастан еңбек етіп жүрген тәжірибелі маман басшылық тарапынан бірнеше Алғыс хатпен марапатталды. 
Аружан, Гүлмира атты сүйкімді балапандардың атасы Дүйсекең «Абай «татулықтан артық жолдас жоқ» депті ғой. Біздің ұжымымыз өте тату. Шеберлеріміз Серік Шотбаев пен Келдібай Елдесбаевтарға дән ризамыз. Жұмыстарына тыңғылықты жігіттер бізден жұмысты қатаң талап етеді. Мен өзіме берілген тапсырманы уақытында және сапалы орындауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Слесарь жұмысы – елеусіздеу болғанымен, ептілікті, дәлдікті қажет ететін маңызды жұмыс. Күш-қуатым бар кезінде Скважиналарды жерасты жөндеу бригадасында да оператор болып жұмыс жасадым. Еңбек демалысымда «Сарыағашқа» барып демалып қайттым. Заманауи үлгіде салынған тұрмыстық-шаруашылық кешен біздің көңілімізден шығады. Қысқатолқынды пеш, кондиционер, тоңазытқыш сияқты тұрмыстық заттар істен шықса, дереу әлеуметтік әкімшілік қамту бөлімі мамандарына хабарласамыз. Олар құстай ұшып жетіп, қажетті заттарымызды лезде жөндеп береді. Ең азы есік шиқылдап немесе дұрыс жабылмай тұрса да, аталған бөлімге хабарласып, жөндетіп аламыз. Өндірістік аймақта біз сияқты қарапайым жұмыскерлерге қолайлы еңбек жағдайы жасалған. Тек бел шешіп жұмыс істеу керек. Біз барды бағалап қана қоймай, оны сақтаудың да жолдарын меңгере білуіміз керек» дейді.
Иә, жақсылықты көре білу, сүйсіне білу де кісілікті білдіреді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх