Еңбек – табыс көзі

Еңбек – табыс көзі
30.11.2018
149
Қызметкерлер

Еңбек – табыс көзі

«Өзенмұнайгаз» АҚ №2 МГӨБ қарасты 18 топтық қондырғыда слесарь-жөндеуші болып өнімді жұмыс атқарып жүрген Сәбит Ықыласов өзінің әріптесі Байбол Жанәділовпен ағалы-інілі туыс адамдардай болып кеткендігін айтады. Жұмыстың бір жақсысы – адамдарды бір-бірімен тығыз байланыстыратыны рас. 
Сәбиттің жұмысы таңертең қондырғылардың қысымын өлшеуден басталады. Жанып тұрған пештердің сөніп қалмауын қадағалайды. Тығырықты тексереді. Жарамсыз болса, тығырықты қайтадан жаңартып соғады. Қондырғылардың ақауын жөндейді. 
Жұмыскер жан бірнеше рет мамандардың кәсіби шеберлігі сынға түсетін «Үздік маман» байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 
Бос уақытында жеміс-жидек өсіретін Сәбиттің өсірген жүзімін жеген адам қайта барып жегісі келеді. Жұмыс орнындағы көгалдандыру жұмысына да белсене қатысатын Сәбит өндірістік аймақтың экологиялық ахуалының жақсаруына тамшыдай болса да, үлес қосып жүргендігін мақтан тұтады.
Еңбек демалысында «Жаңақорған», «Кендірлі» шипажайларында демалып жүрген С.Ықыласов еңбек адамының денінің саулығы, біліктілігі мен тәжірибесі компанияның баға жетпес байлығы екендігін айтады. 
«Суға ау салмаған жан алтын балық туралы армандамайды. Еңбек етпей, табысты боламын деу қисынға келмейді. Табыстың көзі – еңбекте» дейді Сәбит.  
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх