Аймақ басшысымен кездесті

Аймақ басшысымен кездесті
12.04.2016
389
Жаңалықтар

Аймақ басшысымен кездесті

11 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті. 

Кездесу барысында жаңа әкімді тағайындалуымен құттықтаған С.Мыңбаев Атырау облысына қатысты «Ембімұнайгаз» АҚ, Теңіз кенішінде болашақ кеңейту жобасы, Қашаған жобасы, «АМӨЗ» ЖШС – да мұнайды терең өңдеу кешенінің мұнайгаз саласындағы маңызы хақында айтты. С.Мыңбаев сондай жаңа жобалардың қатарында 2016 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған «Ембімұнайгаз» АҚ Прорва тобы кен алаңдарындағы ілеспе газды күкірттен тазартатын, қуаттылығы жылына 150 млн. текше метр қондырғыны атап өтті. 
Қондырғы ілеспе газды күкірттен тазартып, одан әрі «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясының «Боранкөл» газ өңдеу зауыты арқылы «Орта Азия-Орталық» газ құбыры магистраліне тазарған газды тасымалдау үшін жіберіледі. Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде «Ембімұнайгаз» АҚ өз кен орындарында газды алауға жағуды толықтай тоқтатады. 
Облыс әкімі Н.Ноғаев мұнай компанияларының және аталған жобалардың ҚР экономикасының дамуына қосып отырған үлесі қомақты екенін атап өтті.
– Біз өз тарапымыздан рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге көмектесуге әзірміз, өйткені ортақ іс атқарып отырмыз, – деп мәлімдеді Н.Ноғаев. 
Кездесу барысында компания басшылары облыс әкімімен жобаларды алға қарай дамытуға байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх