«Hand-made» қайырымдылыққа жұмсалады

«Hand-made» қайырымдылыққа жұмсалады
30.11.2018
119
Әлеумет

«Hand-made» қайырымдылыққа жұмсалады

Өткен аптада «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде «Аяз атадан сыйлық» атты дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат – жәрмеңкеден түскен қаражатқа аз қамтылған отбасы балаларына жаңажылдық сыйлық алу.


Жергілікті 3 суретші авторлық туындыларын, «Hand-made» қоғамдастықтарының 7 шебері, қолөнершілері, зергерлер мен компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері – «Ембімұнайэнерго» басқармасының өндірістік қызмет көрсету учаскесінің жұмысшысы Жанәбіл Рахметов пен релейлік қорғау, автоматтандыру және метрология бөлімшесінің инженері Ильярика Дятлова өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын жәрмеңкеге ұсынды. Қайырымдылық шарасында екі шебер дайындаған қолөнер бұйымдары үлкен сұранысқа ие болды.


–Жыл сайын «Ембімұнайгазда» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналып келеді. Жаңа жылды асыға күтіп жүріп, айналадағы адамдардың барлығының бақытты болғанын, армандардың орындалғанын қалаймыз. Алайда, әр ата-ана баласының арманын орындауға, сыйлық алып беруге қауқары жете бермейді. Осыған орай, балаларға қуаныш сыйлау мақсатында әріптестеріміз биыл да осы шараны ұйымдастырды. Біз адал ниетпен бастаманы қолдап, осы мерекені белсенді түрде өткізуге атсалыстық. Қолдан келген өнерімізді аямадық. Осылайша, балаларды қуантуға кішкене болса да үлесімізді қостық деп есептеймін. Әр сәбиге бақытты балалық шақ тілейміз, – дейді ЕМГ қызметкері Анжела Бударина. 


Қайырымдылық шарасынан түскен 345 190 теңге толығымен көмекке мұқтаж отбасыларға жұмсалады. Орталық басқару аппаратының қызметкерлері А.Бударина, Ж.Арықбаева, келешекте дамыту блогының жас қызметкерлері Ә.Калибекова, Б.Ерниязова, Г.Калипина, Э.Давлеталиева да жәрмеңкені өткізуге атсалысып, өз қолымен дайындаған бұйымдары мен тағамдарын ұсынды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх