Зейнет демалысына шығарып салды

30.11.2018
136
Қызметкерлер
Зейнет демалысына шығарып салды
Қаражанбас кен орнында ұзақ жылдар бойы өндірісте еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагер мұнайшыларға құрмет көрсетілді.
Өндірістік басқарма директоры Ин Цзяхун мен өндірістік басқарма директорының орынбасары Кәрім Бозахаров Қабат қысымын ұстау цехының машинисі Райым Төлегенов пен құрылыс жөндеу цехының сырлаушысы Қамия Оспановаға айрықша алғыс білдіріп, өндіріске қосқан елеулі үлестері, ұзақ жылғы қажырлы еңбектері үшін компания басшылығы атынан марапаттар тапсырды.
Өз кезегінде сөз алған зейнеткерлер еңбек ұжымына алғыс айтып, көрсетілген құрметке ризалықтарын білдірді.