«Жеңіс» жобасы бойынша келісімге қол қойылды

«Жеңіс» жобасы бойынша келісімге қол қойылды
12.12.2018
70
Жаңалықтар

«Жеңіс» жобасы бойынша келісімге қол қойылды

2018 жылғы 30 қарашада Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасы Алик Айдарбаев пен «ЛУКОЙЛ» ААҚ президенті Вагит Алекперов «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС атынан «Жеңіс» жобасы бойынша Бірлескен қызмет туралы келісімге және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес екі компания учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан «Жеңіс» жобасын іске асыру шарттарын келісті.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген келісімдерге қол қою «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес құзыретті органдар – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим» ЖШС арасында тікелей келіссөздер өткізу және көмірсутек шикізатын барлау мен игеруге арналған келісімшартты жасасу үшін жүгінуге мүмкіндік береді.
ЛУКОЙЛ компаниясының «Жеңіс» жобасына кіруі Каспий теңізінің қазақстандық учаскесінің көмірсутектерді іздеу үшін тартымды екенін тағы да көрсетті және компаниялар арасында қалыптасқан тығыз қарым-қатынастарды растады.
ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ көп жылдан бері стратегиялық әріптес болып табылады және бірқатар бірлескен жобаларды іске асырып келді.
Анықтама: «Жеңіс» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторы айдынының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жаңалауға дейінгі арақашықтық 80 шақырым, кемелер үшін таяу порт Ақтау қаласы.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх