Ембіліктер мемлекеттік мерекені атап өтті

Ембіліктер мемлекеттік мерекені атап өтті
12.12.2018
78
Қызметкерлер

Ембіліктер мемлекеттік мерекені атап өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Компания басшылығы мен орталық басқару аппаратының ұжымы қатысты. 


«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелері жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев шараны салтанатты түрде ашып, мерекенің маңыздылығына айрықша тоқталды.   
– Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап жаңа өмірге нық сеніммен қадам басты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев қазақ халқының ең қиын кезеңдерінде билікті қолына алып, қандай қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, тығырықтан шыға білетін көреген саясаткер екенін дәлелдей білді. Тұңғыш Президентіміздің есімі тарихта қазақ жұртшылығына тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде қалады, – деп атап өтті өз сөзінде С.Нақпаев.
Шарада ЕМГ АҚ Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Кенжеғали Шанканов, Компания «Жас мамандар» кеңесінің жетекшісі Серік Шығанов әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады.  
Мерекелік шарада Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияның өнерпаздары көпшіліктің назарына концерттік бағдарлама ұсынды.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх