«Зияткерлік кен орны» бағдарламасы жүзеге асуда

«Зияткерлік кен орны» бағдарламасы жүзеге асуда
12.12.2018
116
Өндіріс

«Зияткерлік кен орны» бағдарламасы жүзеге асуда

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Қаражанбасмұнай» компаниясында қазіргі уақытта ұзақ мерзімді «Зияткерлік кен орны» жобасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сол жобалардың бірі өндірістік сымсыз байланыс орнату болып отыр. Ондағы мақсат – кен орнының аумағын толық қамтитын сымсыз өндірістік желі орнатып, нысандардан берілетін технологиялық өлшемдердің орталық диспетчерлік бекетке жоғары жылдамдықпен жеткізілуін қамтамасыз ету. 
Сонымен қатар, 203 ұңғыманы орнату кезінде автоматтандыру құралдарын енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл шаралардың барысында ұңғымалар бағдарламаланатын логикалық бақылаушы, бақылау-өлшеу аспаптары және абоненттік сымсыз байланыс терминалы бар автоматтандыру шкафымен жабдықталады.  
Бұған қоса, орталық диспетчерлік бекетке ақпарат беретін датчиксіз үлгідегі VLT SALT зияткерлік басқару станциясының 100 бірлігін іске қосу жоспарланған. 
Кешенде осы жобаларды жүзеге асыру арқылы технологиялық нысандардың жұмысындағы ақау туралы ақпарат алу мен әрекет жасауға кететін уақытты қысқартуға болады да, соның арқасында өндірілетін мұнайдың ысырап көлемі азаяды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх