Үздік шеберлер үштігі

Үздік шеберлер үштігі
12.12.2018
79
Қызметкерлер

Үздік шеберлер үштігі

Кіші буын жетекшісінің беделін көтеру, шеберлердің жетекші ретіндегі кәсіпқойлығын арттыру, компаниядағы жалпы басқару мәдениетін көтеру мақсаттарына жету үшін үстіміздегі жылдың тамыз айынан қазан айының соңына дейін «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС топ шеберлері арасында «Кіші буын үздік жетекшісі-2018» сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс осымен серіктестікте екінші рет өткізіліп отыр. Оның идеясы мен жобасы 2014 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастырған модульдік оқу кезінде үздік жобалар қатарына енген болатын. Сайыстың басты ерекшелігі қызметкерлерді материалдық емес ынталандыруға бағыттау болды. 
Байқауға барлығы 69 шебер қатысып, бақ сынасты. Сараптау, тестілеу, қол астындағы қызметкерлерінің жасырын дауыс беруі, жеке ситуациялық тапсырмаларды орындау, бағалау сұхбатын жүргізу сияқты бес кезеңнен құралған сайыс барысында шеберлердің жұмысты тиімді үйлестіре білу, ой-өрісі, нәтижеге бейімделу, әріптестермен қарым-қатынас, топта жұмыс жасай білу сияқты қасиеттері сынаққа түсті. Сайыстың барлық кезеңдерін өткізу және нәтижелерін сараптау мақсатында тәуелсіз сарапшы – бизнес-тренер, магистр, психолог, доцент Берік Бижан Алматы қаласынан арнайы шақыртылған еді. Сайыстың бірінші кезеңіне барлық топ жетекшілері қатысқан болса, әр кезең қорытындысы бойынша олардың саны қысқарып отырды. 
Конкурстың барлық кезеңдерінен үздік баға алып, жоғары басқарушылық қасиеттерін таныта білген шебер «Кіші буын үздік жетекшісі- 2018» атағына ие болды. «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС құрылғанына 
17 жыл толуына орай 21 қараша күні Қаражанбас кен орнының мәдени демалыс кешенінде шебердің есімі салтанатты түрде аталып, марапатталды. Үш ай бойына жүргізілген сайыс жеңімпазы болып ұңғыларды күрделі және жерасты жөндеу цехының ұңғыларды күрделі, жерасты жөндеу шебері Болат Нұрниязов танылды. 
Сайыс жеңімпазы ауыспалы статуэткамен, төс белгімен, дипломмен және арнайы тапсырыспен тігілген күртешемен марапатталды. Сайыс барысында жоғары көрсеткіштерімен көзге түскен қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хаттар, сондай-ақ естелік сувенирлер табыс етілді.  Үздік шеберлер үштігіне енгендер қатарында Қанат Аязбаев пен Сәндібек Қалиев бар.
«Кіші буын үздік жетекшісі» сайысы дәстүрлі түрде үш жылда бір рет өткізіліп тұрады.  

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх