Зейнет алдындағы арман

Зейнет алдындағы арман
12.12.2018
81
Қызметкерлер

Зейнет алдындағы арман

Еңбек адамы

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы №2 Мұнай-газ өндіру басқармасының есепшісі Айнагүл Ещанова мұғалімдер әулетінен шықты.
«Отбасымдағылардың бәрі мұғалім, тек мен ғана есепші мамандығын таңдадым. Ашхабад қаласындағы сауда-кооперативтік техникумын қызыл дипломға бітірдім. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Жалпы өзімнің кішкентай кезімнен бастап саудаға деген қызығушылығым болды. Дәм дегенді қойсаңшы, атамекен Маңғыстауға келген соң мұнай саласынан бір-ақ шықтым. Компанияда есепші болып 27 жыл жұмыс жасадым. Үлкен қызым Гүлзипа №4 МГӨБ-де техник-экономист болып қызмет атқарады. Екінші қызым Әсем «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС мамандар бөлімінде жұмыс жасайды. Ұлым Әділбек те Ақтау қаласында еңбек етіп жүр. Отағасым қасымда. Өміріме ешқандай өкпем жоқ. Қасымдағы әріптестерім Клара Баймұқанова, Дина Күреңбаева, Сәлима Сандыбаеваларға бауыр басып қалғаным соншалық, зейнеткерлікке шығатын уақытым жақындаған сайын оларды қимай отырмын» – дейді Айнагүл.
Өзгелер үшін түсініксіз дебет, кредит, кіріс, шығыс дегендердің құлағында ойнап, тәжірибелі маман дәрежесіне көтерілген Айнагүл Ещанованың зейнет алдындағы арманы – немерелер тәрбиесімен айналысу. «Бала тәрбиесі, текті ұрпақ өсіру дүниенің алтын кілті ғой!» – дейді ол күлімсіреп.
Көңілі көктем, жаны жаз, адамгершілігі мол жайсаң жанға сәттілік тілейміз. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх