Бақытты болу құпиясы

Бақытты болу құпиясы
12.12.2018
82
Қызметкерлер

Бақытты болу құпиясы

Еңбек адамы

«Өзенмұнайгаз» АҚ №1 Мұнай-газ өндіру басқармасында персоналды басқару бөлімінің бастығы Маусымжан Сандыбае­ваны әріптестері білікті де білімді маман ретінде ерекше құрметтейді. 
«Кадр бөлімінің жұмысы қиын әрі қызық. Біз басқармада еңбек қатынастарында туындаған даулар, келіспеушіліктер кезінде комиссия құрамы мүшесі болып қатысып, өз ойымызды ортаға саламыз. Басқармадағы әрбір қызметкер мен жұмыскерлерге лауазымдық нұсқаулықтар әзірлейміз. Олармен келісім-шарт жасаймыз. Қызметкерлердің жағдайын, еңбекақысын қалыпқа келтіруде жеке еңбек шарты белгілі бір дәрежеде рөл атқарады. Кадр маманының жұмысы көзге көрінбегенімен, еңбекқорлық пен тиянақтылықты қажет ететіні сөзсіз. Әріптестерім Майя Өтеева, Сәнді Нұрмұхамедова, Айша Текебаевалар өз ісінің майталмандары, нағыз кәсіби шеберлері. Өндірістің өрге басуына қажырлы еңбегі мен өмірін арнаған зейнеткерлеріміздің тізімі де бізде сақталады. Тоқетері, кадр қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын екі ауыз сөзбен айтып жеткізе алмаймын» – дейді Маусымжан. 
Ол жұмыста жақсы маман болумен қатар, отбасында үлгілі ана. Отағасы Ербол Қорғанбаев екеуі – ұлықты ұлдар мен қылықты қыздар тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Ербол да осы басқармада скважиналарды зерттеу операторы болып абыройлы еңбек етіп келеді. Маусымжанның атасы Қорған Қойшыбаев ӨЭМБ электр монтері болып жұмыс жасап, зейнеткерлікке шықты. Енесі Базаргүл Қаржаубаева Су өндіру және тасымалдау басқармасында 25 жыл кадр бөлімі жетекші болып жұмыс атқарды. Маусымжанның ұлдары спортты жанындай жақсы көреді. Еркін күрестен республикалық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, ата-әжесі мен әке-шешесін қуанышқа бөлеп жүр.
Маусымжан бос уақытында гүл өсіргенді, тәтті пісіргенді ұнатады. Бақытты болудың құпиясы қарапайым. Нақты қандай іспен шұғылданғанды ұнатасың, осы іске бар күш-жігеріңді жұмсау. 24 жыл еңбек өтілі бар Мау­сымжан 18 жылдан бері өзі ұнататын іспен айналысып жүрген бақытты жан.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх