«Тілсіз жау» құрықталды

«Тілсіз жау» құрықталды
12.12.2018
73
Қызметкерлер

«Тілсіз жау» құрықталды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес «Су өндіру және тасымалдау» басқармасының Өндірістік жабдықтау бөлімшесінің қатысуымен шартты өртті сөндіру бойынша «Өрттің алдын алу. Өрт кезіндегі «СӨТБ» ЖШС қызметкерлерінің іс-қимылы. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану» өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Аталмыш оқу-жаттығудың басты мақсаты – шартты нысанда өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру ісінде басшы және қатардағы жеке құрам арасында тәжірибені машықтау, пысықтау.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша аты аталған «ӨЖД» бөлімінің техникалық аумағында өрт шығады. Төтенше жағдай орын алған жерге шақыру бойынша «Қуаныш&K» ЖШС өртке қарсы қызметінің күштері мен техникалық құралдары жіберіледі.
Жедел түрде оқыс оқиға орын алған жерде өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, жауынгерлік учаске құрылады. Өрт сөндіру ережесінің талаптарына сай ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 120 шаршы метр алаңды құраған тілсіз жау дер кезінде ауыздықталып, алға қойылған тапсырма өз деңгейінде орындалды.


Аталмыш оқу-жаттығу барысын бақылаған «СӨТБ» ЖШС ТҚЕҚ ж ҚОҚ бөлімі өртке қарсы қызмет әскери бөлім жеке құрамы қызметкерлерінің шеберліктерін ерекше атап, ӨЖД бөлімшесінің қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне оң баға берді.
Өз кезегінде арнайы шұғыл қызметтердің кез келген уақытта жауынгерлік дайындықта тұруын пысықтау мақсатындағы оқу-жаттығулардың маңыздылығына тоқталып, өрт сөндіруде шеберлік танытқан қызметкерлерге алғыс айтылды.

Гүлмира БАЙМҰХАНОВА

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх