Күміс көмей мұнайшылар марапатталды

Күміс көмей мұнайшылар марапатталды
12.12.2018
100
Қызметкерлер

Күміс көмей мұнайшылар марапатталды

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына орай өнерпаз мұнайшылардың қатысуымен «Күміс көмей» ән байқауы өтті. 
Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаровтың құттықтауымен шара шымылдығы түрілді. 
Байқау дәстүрлі ән және эстрада ән шырқаушылар болып екі топқа бөлінді. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші дүбірлі додаға 16 мұнайшы қатысып, бақтарын сынады. Олар сахнаға шығып, табиғи даусымен әсем ән шырқап, терме айтты. 


Компанияның аппарат жетекшісі Бауыр­жан Мамбетсапаев бастаған қазылар алқасы өнерпаздар талантына тәнті болды. Әуезді саз әсем әнмен үйлесіп, «Мұнайшы» мәдениет сарайын мақпалдай жұмсақ әуенімен әлдиледі. Көрермендер Тастемір, Қайып, Сүгірдің, Жылкелдінің, Өскімбайдың, Бәкір Тәжібаевтің, Шәмшінің, Сейдолла Бәйтерековтердің жыр-термелері мен әндерін  тыңдап, жан сарайы ашылып, рахаттанып қалды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, дәстүрлі ән тобынан 1-орынды Алтынбай Нәдірбаев (№1 СҚКБ), 2-орынды Жанқожа Атаниязов (№3 МГӨБ), 3-орынды Базарбай Айбергенов (№2 СҚКБ) иеленді. 
Ал, эстрадалық әндер бойынша 1-орын компанияның бұлбұлы Жаңыл Қойшыбаеваға (АБ), 2-орын Батырбай Юсупов (№2 СҚКБ) пен Нұрым Жансерікке («Бұрғылау» ЖШС), 3-орын Айдар Спанов (№1 МГӨБ), Нығмет Қалдыбаев (№2 МГӨБ), Әйгерім Тарапиеваға (ӨТҚжЖЖБ) бұйырды.
Қайрат Аманқосов «Көрермен көзайымы» аталымын жеңіп алды. 
Жүлдегерлер «ӨМГ» АҚ бас дирек­торының Алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Әріптестеріміздің ән әлеміндегі дүбірі түгесілмегей.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх