Ұлттық мерекеге орай спартакиада өтті

Ұлттық мерекеге орай спартакиада өтті
12.12.2018
93
Әлеумет

Ұлттық мерекеге орай спартакиада өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді. Додаға қатысушылар арқан тарту, гир көтеру және шағын футбол сынды спорт түрлерінен сынға түсті. 
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада арқан тартудан жарыстың І орнын Әкімшілік басқару қызметкерлері еншілесе, ІІ орынға 3-ші цех, ІІІ орынға 2-ші цех мамандары табан тіреді. Ал гир көтеруден ұпай саны бойынша А.Бисенов үздік деп танылса, ІІ орынға Қ.Абулғазиев, ІІІ орынға А.Түлебаев лайық деп танылды. Спартакиаданың үшінші ойыны – шағын футболдан көрсеткіш нәтижесі бойынша 3-ші цех командасы І орынды қанжығасына байласа, 1-ші цех командасы ІІ орын, 2-ші цех командасы ІІІ орын иеленді. 
Жеңімпаздарға Серіктестік атынан дипломдар мен қаржылай сыйлықтар тағайындалды. 

Қаламқас АМАНҚОСОВА

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх