Тәуелсіздік – ұлы күн!

12.12.2018
78
Әлеумет
Тәуелсіздік – ұлы күн!
Мұнайшылар шығармашылығы
Тәуелсіз күн – құдірет
Таңбасы таста жазылған,
Тамыры жердің астына
Төгілген қанмен жабылған!
Қыршын кеткен жастарым
Армандарын арқалай
Рухы менен намысы
Мойынға таққан тұмардай.
Құрбандық қылып өмірін
Алаштың өжет ұл-қызы
Қарсы жүзді ағысқа
Ұлты үшін алысып,
Сан ғасырлар аңсаған
Еркіндікті еліміз
Азаттық үшін алысқан
Халықтың біз біріміз!
Тәуелсіздік – ұлы күн,
Төгілген ащы терменен
Қазақтың ұл-қызының
Өлмеген жігер-отымен.
Рамила ГИМРАНҚЫЗЫ,
мұнайшы,
Жаңаөзен қаласы.