Тұрғызба – менің ауылым

Тұрғызба – менің ауылым
12.12.2018
63
Әлеумет

Тұрғызба – менің ауылым

Тұрғызба – менің ауылым,
Ыстық қой сенің бораның мен дауылың.
Менің жастық шағымдай
Нөсерлеп өткен жауының.

Оқыған 10 жыл мектебім,
Сенде өтті жастық шағым мен көктемім.
Ұмытылмас ешқашан
Ұстаздардың білім нәрін сепкені.

Аспанында қалықтаған шағала,
Жем өзені толқыны соққан жағаға.
Балық аулап артынан еріп жүретін,
Толқындары ұқсайтындай ағаға.

Жусанды кең далаңда,
Аунай кетем көк шалғынға барам да.
Табылар ма сендей жер,
Мынау шулы қаламда?

Жанәбіл РАХЫМЕТОВ,
«Ембімұнайэнерго» басқармасының өндірістік қызмет көрсету 
учаскесінің жұмысшысы.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх