«Атырау  Мұнай және Газ» көрмесі: қазірден-ақ, қатысушылардың 72%  2019 жылы өз қатысуын растады.

«Атырау  Мұнай және Газ» көрмесі: қазірден-ақ, қатысушылардың 72%  2019 жылы өз қатысуын растады.
12.12.2018
86
Жаңалықтар

«Атырау  Мұнай және Газ» көрмесі: қазірден-ақ, қатысушылардың 72%  2019 жылы өз қатысуын растады.

Атырау алдағы жылдың көктемінде 2019 Атырау Мұнай және Газ көрмесінде 100-ден астам мұнай - газ компанияларын қабылдайды. Мамандарда үш күн бойы, 2019 жылдың 9-11 сәуірінде, мұнай-газ индустриясының алыптарымен өзекті тақырыптарды талқылауға, байланыс орнатуға ерекше мүмкіндіктері болады.  

Осымен,  көрме 17 жыл бойы тек мұнай және газды өндіру саласында, және де жабдық өндірісі мен инфрақұрылымдарды дамыту саласында серіктестік жобаларын жасайтын ғана емес, сондай-ақ, отандық кәсіпорындарға инновациялық және ІТ технологияларды енгізу үшін келіссөздердің сенімді бизнес алаңы болып табылады. Көрме бизнес- қатынастарының катализаторы бола тұра, мұнай – газ жабдықтарының және шешімдерінің сату көлемін үлкейтуге және өткізу географиясын кеңейтуге жағдай жасайды.

Жыл сайын Атырау Мұнай және Газ көрмесі мұнай – газ индустриясы мамандарының басын қосады.  2018 жылы мұнай – газ саласының 1666 маманы көрмеге келіп кетті. Көрменің маркетингтік зерттеу деректері бойынша, келушілердің 30% шешімдерді жеке дара қабылдайды, ал 43% экспоненттер үшін жыл сайынғы іс- шараға қатысу өте маңызды болып табылады. Оқиғаның бас серіктесі «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы болды. Алтын  серіктестер арасынан келесілерді атап өтуге болады: «Ембімұнайгаз» АҚ, NCOC және «Қазақстан Құбыржол Консорциумы» АҚ. Сонымен қатар, көрменің жұмысына келесі ресми тұлғалар қатысты: Атырау облысының әкімі Ногаев Нұрлан, Энергетика вице министрі Акчулаков  Болат.

Келер жылы, 2019 Атырау Мұнай  және Газ көрмесінің ресми бөлігімен қатар іскерлік бағдарлама шеңберінде,  мұнай – газ индустриясының негізгі беталысын түсіндіруге және зерттеуге бағытталған семинарларды өткізу ұйғарылып отыр.  Көрме іскерлік бағдарламасының негізгі ой өзегі де анықталды – инвестициялық мүмкіншіліктер және сандық жүйеге көшіру.

Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің деректері бойынша 2019 жылдан Қазақстан  мұнайсервис нарығының жандандырылуы басталады. Бірінші кезекте, бұл Теңгіз кенорнын кеңейту бойынша жобасын жүзеге асыруды жалғастырумен байланысты.

2018 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Қазақстандағы мұнай шикізатының өндірісі 57,6 млн тоннаны құрады, яғни өткен жылға қарағанда 6,5 %-ға артық. Олардың ішінен 60%-дан артық өндірісі дәстүрлі еліміздің негізгі мұнайлы өңірі – Атырау облысына түседі. Осылай, Теңгіз кенорнының шикі мұнай өндірісі 21,5 млн тоннаны құрайды,  1 млн тоннадан артық сұйылтылған газ, 6,9 кубометр құрғақ газ, сонымен қатар 1,8 млн тонна күкірт игерілді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2018 жылы Қашағандағы мұнай өндірісі 12 млн тоннадан артық болуы ықтимал.

Одан басқа, ТШО 2016 жылдан бастап Теңгіздегі екі ірі жобаларын жүзеге асыруға кірісті:  2022 жылы аяқталуы жоспарланып отырған, сағалық қысымын Болашақ кеңейту және Басқару. Осыған ұқсас жобалар экономиканың кез келген салаларында тоғысқан машинажасау, сервис, тасымалдаудан бастап құрылысқа дейін жобалардың дамуына мүмкіндік туғызады.

Осыған байланысты, 2019 Атырау Мұнай және Газ алаңында параллельді оқиғаларды өткізу  маңызды  болып табылады. Осылай, AtyrauBuild 2019  Солтүстік –Каспий Өңірлік құрылыс және интерьер көрмесі де бір уақытта өтеді. Көрмелерді өткізу орны: Қазақстан, Атырау қаласы, Әбілқайыр Хан даңғылы, «Көрме орталығы».

Жыл сайын Атырау Мұнай және Газ көрмесі  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ-ның, KAZSERVICE Сервисті компаниялар одағының және қатысушы – елдер дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен өткізіледі.

Iteca Қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі  ІТЕ (Ұлыбритания) компаниялар тобы  оқиғаның ұйымдастырушылары болып табылады.

Өткен жылдың қорытындылары, қатысушылардың алдын ала тізімі және басқа пайдалы ақпарат www.oil-gas.kzоқиғаның ресми сайтында ұсынылған.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх