«Қаражанбасмұнай» АҚ «Парыз» сыйлығын иеленді

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Парыз» сыйлығын иеленді
27.12.2018
86
Жаңалықтар

«Қаражанбасмұнай» АҚ «Парыз» сыйлығын иеленді

11 желтоқсанда Астана қаласында ЭКСПО Конгресс орталығында өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі барысында «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысқан шарада еліміздегі бірқатар кәсіпорындарға аталған сыйлықтар берілді. Оның ішінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» сыйлығының «Үздік ұжымдық шарт» аталымының ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ жеңімпаз деп танылды. 
«Қаражанбасмұнай» АҚ – еліміздің мұнай-газ саласындағы ірі компанияларының бірі. Жыл сайын екі миллион тоннадан астам мұнай өндіретін іргелі ұжымда бүгінде 2300 адам еңбек етеді. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы алтын көпір іспеттес ұжымдық еңбек шарты аса жоғары маңызға ие. Соған орай биыл шілде айында 2016-2018 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Сонымен бірге, қараша айында 2019-2021 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды. Компания басшылығы мен «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ бірлесе отырып, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы құжатты өзара келісе отырып, маңызды шешім қабылдады. Жүзеге асқан осындай елеулі жұмыс биылғы «Парыз» сыйлығының үміткерлері арасында өткен іріктеуде лайықты бағасын алып, жоғары марапатқа ие болып отыр. 
Салтанатты шарада «Үздік ұжымдық шарт» аталымындағы сыйлықты 
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашевқа табыстады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх