Адал еңбектің жемісі

Адал еңбектің жемісі
27.12.2018
91
Қызметкерлер

Адал еңбектің жемісі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Елордада өткен салтанатты жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев ұлттық компанияның бір топ қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар  тапсырды. «Доссормұнайгаз» МГӨБ №1 «Ботақан» мұнай және газ өндіру цехының 5-ші разрядты операторы Қасен Оңайбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. 
Қасен Қабиұлы еңбек жолын 1981 жылы «Ембімұнай» бірлестігінің «Доссормұнай» МГӨБ-нің Қарсақ кен орнында оператордың көмекшісі болып бастады. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң аталған кен орнында жұмысын жалғастырып, екінші, үшінші, төртінші разрядты мұнай және газ өндіру операторы болып қызмет етті. 
1990 жылдары оның басшылығымен операторлар бригадасы ұңғымалардағы топтық өлшем қондырғысы бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар ол қысыммен жабдықталған мұнай мен газ сепараторын және басқа да қондырғыларды орнатуға атсалып, мұнай өндіру жоспарын орындауға үлкен үлес қосты. 
Қасен Қабиұлы 2005 жылдан бас­тап 1-ші «Ботақан» мұнай және газ өндіру цехында 5-разрядты оператор болып еңбек етуде. Айта кететін жайт, бұл Оңайбаевтар әулетінің тұңғыш мемлекеттік марапаты емес. Бұған дейін Қасен Оңайбаевтың әкесі Қаби Оңайбаев  екі мәрте 1975 және 1981 жылдары «Еңбек ері» (кейін «Еңбек даңқы» деп өзгертілген) төсбелгісін алған болатын. Бұл – әке салған сара жолды ұрпағының абыроймен жалғап келе жатқанының нақты көрінісі. 
Мұнай-газ саласындағы ұзақ жылдар бойғы қызметінде ол өз ісінің шебері екенін аңғартты. Қасен Қабиұлы өндірістік процесті ұйымдастыруда өзін біліктілігі жоғары білікті маман ретінде танытты. Жоғары кәсіптік деңгейі және өз ісіне деген жауапкершілігі оған үздік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ол бар жиған тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, жас мамандарға да тәлімгер болуда. Ұжым арасында құрмет пен беделге ие.
Мұнай-газ саласының дамуына қосқан ұзақ жылдар бойғы еңбегі үшін 2002 жылы Ботахан кен алаңының 20 жылдығына орай «Доссормұнай» МГӨБ-нің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Дос­сор кен алаңына 100 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған. 

* * *

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясында және өңірлік кәсіподақтар орталықтарында әртүрлі салада жұмыс істейтін еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. 
Кәсіподақтар федерациясының ұсынысы бойынша Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Жарлығымен экономиканың түрлі саласында еңбек ететін ең үздік мамандар лайықты наградаларын алды. Соның ішінде «Ембімұнайгаз» АҚ Кәсіподақ комитетінің төрағасы Кенжеғали Шаңқанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх