Кенған Қарынбаев – «Еңбек даңқы» орденінің иегері

Кенған Қарынбаев – «Еңбек даңқы» орденінің иегері
27.12.2018
90
Қызметкерлер

Кенған Қарынбаев – «Еңбек даңқы» орденінің иегері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды. Өндіріс жұмысында елеулі еңбек етіп, маңдай терін төгіп келе жатқан майталман мұнайшыға мерекеде айрықша құрмет көрсетілді. 
Егемендік мерекесіне арналған игілікті іс-шарада Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы машинисі Кенған Қарынбаевқа үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін табыстады. Ұзақ жылдардан бері кен орнында табысты еңбек етіп келе жатқан байырғы мұнайшының марапаты «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек ұжымына берілген лайықты баға деуге толық негіз бар. Ел экономикасына айтулы үлес қосып келе жатқан компанияның өркен жаюына Кенған Қарынбаевтың сіңірген еңбегі өлшеусіз.
Жоғары марапатқа ие болған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх