Жаңалыққа жаны құмар

Жаңалыққа жаны құмар
27.12.2018
67
Қызметкерлер

Жаңалыққа жаны құмар

«Өзенмұнайгаз» АҚ Әлеуметтік әкімшілік департаменті аға маманы Мұрат Ақын «Жас тұлпар-2018» облыстық жастар байқауына қатысып, «Жас өнертапқыш» номинациясын жеңіп алды. Мұрат Ақын – инновациялық жобалардың авторы, технологиялық жаңалыққа жаны құмар жан. Ол – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ бойынша үздік инновациялық жобалар байқауының жеңімпазы, «Инновациялық коммуналдық есептеу орталығы» және «Интеллектуалды тербелмелі қондырғы – 16» жобасының авторы. 
«Әкем марқұм шебер болатын.  Кез-келген дүниені өз қолымен жасап, бұзылған жағдайда өзі оңдайтын. «Әкеге қарап ұл өсер» демекші, мен де бала кезімнен техникаға қызығып өстім. Идея мұқтаждықтан туады. Қызмет көрсету саласын оңтайландыру мақсатында цифрландыруға мүмкіндігі бар заманда электронды қызметке көшкен дұрыс деп есептеймін» – дейді Мұрат Ақын.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх