Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
13.05.2016
416
Жаңалықтар

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Жас мамандар кеңесі биылғы жылы да Жеңіс күні құрметіне  бірқатар игі шараларды ұйымдастырды. Жастар алдымен «Сіздер бізге бейбітшілікті сыйладыңыздар!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияда өздері дайындаған үй тағамдарын, Кадмий Красный арт-тобының картиналарын, әдемі безендірілген кружкаларды сатудан біраз қаражат жиналды. Жиналған қаражаттың бір бөлігіне керует жанына қоятын 2 дана медициналық үстел, 4 пакет Alma TV спутниктік каналына жылдық жазылым және соғыс ардагерлеріне азық-түлік сатып алынды. 
7-мамыр күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Жас мамандар кеңесі Астана қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде болып соғыс ардагерлері Анна Павлова, Олег Линник, Екатерина Тыщенко және Андрей Четвериков қарттарымызды Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтарды табыстады. 
Анна Павлова 1942 жылы майданға аттанып, Берлинге дейін жетті. Бірнеше медальдің, 2-дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, Олег Линник 1943 жылы майданға түсті, қан майданда басынан жарақат алды. 2-дәрежелі Отан соғысы орденінің, Генерал Жуков медалінің және басқа да көптеген марапат-медальдар игері. Екатерина Тыщенко 1941 жылы әскерге шақырылып, 1-ші Украин майданына түсті, Чехословакияға дейін жетті. 1-2 Отан соғысы орденінің, Қызыл ту орденінің және басқа да көптеген медальдар иегері. 
Андрей Четвериков 1941 жылы майданға түсті. Сталинград майданында шайқасты. Көптеген марапаттар иегері. Кеуделері орден-медальдарға толы соғыс ардагерлері тоқсанға таяп, жүзге де жақындап қалған жандар.Соғыстың зардабын тартып, жүрекке сызат алған ардагерлеріміздің және жат жерде жер құшқан боздақтардың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Адамзаттың бұл қасыреті ешқашан қайталанбасын. Ардагерлер тілегі осы! Ал, бейбіт заманның болашағы жігерлі жастардың соғыс және тыл ардагерлерін әрдайым құрметтеуі және ұрпақтан ұрпаққа оны жалғастыруы – ұлы парыз! 
ҚМГ БӨ жас мамандары дәстүрлі шараны биыл екінші рет аталған мекемеде құрметпен атап өтті. Өткен жылы қайырымдылық акциясынан жиналған қаражатқа төрт соғыс ардагеріне плазмалық теледидар сатып әперіп, бөлмелеріне орнатқан еді. Қайырымдылықтан жиналған биылғы қаражаттың қалған бөлігі де соғыс ардагерлерінің керекті қажеттіліктеріне жұмсалатын болады. 
ҚМГ БӨ компаниялар тобының қызметкерлері де соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, көмектерін көрсетті. Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх