Инновациялық идеялар шеруі

Инновациялық идеялар шеруі
27.12.2018
93
Қызметкерлер

Инновациялық идеялар шеруі

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ компаниялар тобының денсаулық сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Шараға ҚМГ-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды «ҚазТрансОйл»  АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің менеджері Тастанова Жәния иеленді. Оның идеясы орнықты дамуға көшу жөніндегі тұжырымдаманы ілгерілету ретінде «Жасыл офис» (макулатураны бөлек жинау) бастамасын енгізуді қамтиды. Бұл қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайтуға мүмкіндік береді. 
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің бастығы Қайболдиев Бауыржан 2-ші орын алды. Бауыржан қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертудің тәсілі ретінде жеке турникет карточкаларына «Олар Сізді үйде күтіп отыр. Қауіпсіз жұмыс жасаңдар» деген жазумен туған-туысқандардың суретін салуды ұсынды. 
Ал, «KMG Systems & Services» ЖШС СКЭДБ директорының орынбасары Дюзимов Айбек 3-ші орынға ие болды.  Айбек Дюзимов ұсынған идея – жерүсті автокөліктерінде дөңгелек сомындары тарту индикаторларын пайдалану. Бұл автокөлік дөңгелектерінде болттардың өздігінен шығып кетуін қадағалауға мүмкіндік береді. А.Дюзимов мұндай талап осындай себептермен болатын жол апаты жағдайларын азайтуға өз септігін тигізетініне сенімді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх