Үздік жас мұнайшы

Үздік жас мұнайшы
27.12.2018
67
Қызметкерлер

Үздік жас мұнайшы

«Өзенмұнайгаз» АҚ №1 МГӨБ мұнай-газ өндіру операторы Ерлан Тағаев Жаңаөзен қалалық жас­тар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жыл үздігі-2018» сайысының «Үздік жас мұнайшы» номинациясын жеңіп алды. Ерлан А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі. Англиядағы ETC халықаралық колледжінде ағылшын тілін менгеріп, Назарбаев университетінде кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өткен. Ол компаниядағы Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Жігіт сұлтаны – 2017» байқауына қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. «Ой-дода» интеллектуалдық сайысында потенциалы мықты ойыншы ретінде танылып, кезекті ойынның «Үздік ойыншысы» атанды. Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін қала әкімі, компания басшылығы, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталған. 
«Жылдың үздік жас мұнайшысы атану, туған жерін дамытуға атсалысып жүрген озаттардың қатарынан көріну – мен үшін үлкен абырой. «Марапат мерей өсіреді» дейді. Жеңіс адамды алға ұмтылдырады, жаңа белестерді бағындыруға күш береді», – дейді Ерлан Тағаев. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх