Энергетиктер қос мерекені тойлады

Энергетиктер қос мерекені тойлады
27.12.2018
93
Қызметкерлер

Энергетиктер қос мерекені тойлады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай «Өзенэнергомұнай» басқармасында салтанатты жиын өтті. Басқарманың бас инженері Түрікменбай Қасмағамбетов пен кәсіподақ төрағасы Сырлыбай Ерленов әріптестерін Тәуелсіздік мерекесімен және Энергетиктер күнімен құттықтады.
«Өзен кенорнын тұрақты түрде электр қуатымен қамтамасыз етіп, осынау қауіпті салада тер төгіп жүрген барша энергетиктерді азаттықтың мейрамымен қоса келген кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін, әріптестер!» – деді Т.Қасмағамбетов. 
Өзен кенорнын дамытуда ерекше еңбегімен құрметке бөленіп жүрген бірқатар мұнайшыларға «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жәнібек Нұғмановтың, басқарма директоры Болатбек Рахмедовтың атынан Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік шарада ҚР Тәуелсіздігі күніне және Энергетика саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне орай өткізілген цехаралық жарыстардың жеңімпаздары мен басқарманың спорттық және мәдени-қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген бір топ мұнайшылар марапатталды. 
Салтанатты кеш «Өзенэнергомұнай» басқарма қызметкері Нұрлан Бекжановтың орындауында «Ерке сылқым», «Маңғыстау» күйлерімен, Самат Жұматовтың шырқауында «Көк Тудың желбірегені» әнімен әдіптелді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх