«Үздік рационализаторлық жобалар» байқауы

«Үздік рационализаторлық жобалар» байқауы
27.12.2018
79
Өндіріс

«Үздік рационализаторлық жобалар» байқауы

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен «Үздік рационализаторлық жобалар» байқауы өтті. Байқауға 10 өнертапқыш қатысып, өз жобаларын қорғап шықты. 
Бас директор Жәнібек Нұғмановтың төрағалығымен қазылар құрамында Геология және геофизика департаменті директоры Ахмет Жандосов, Өндірісті дамыту және талдау департаменті директорының орынбасары Ержан Бекжанов, Аймақтық және іздеу геология департаменті директоры Берекет Тоқаев, Персоналды басқару және дамыту департаменті директоры Ермек Көптілеев, Механикалық департаментінің инженер-механигі Аян Жөкеш, Автоматтандыру ақпараттық технологиялар және байланыс департаментінің аға инженері Марк Гайбатовтар болды. 
Жас мамандар кеңесі төрағасы Бауыржан Бәйімбетов «шараның мақсаты – озық ойлы жастар шоғырын қалыптастыру, өндірістік мәселелердің шешімін табуға  жас мамандарды жұмылдыру және жас көшбасшылардың өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беру» – дейді. 
Жобалардың ішінен өндіріске енгізіліп, тиімділігін дәлелдеген Әділжан Үсеновтің (№4 МГӨБ) сальник соққыш құралы бас жүлдеге ие болды. І орынды Нұрасыл Оспановтың (№3 МГӨБ) «Exsel-B», ІІ орынды Ақжігіт Түйешиевтің (Өндірісті дамыту және талдау департаменті) «Ұңғыны механикалық тазалау», ІІІ орынды Қадірхан Есімбетовтың «Планар» құрылғысына өзгеріс енгізу жобалары жеңіп алды.
Бас директор Жәнібек Нұғманов жас мамандарға риясыз алғысын білдірді. «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» дейді. Расында да, бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім. Бүгін байқауға қатысып, компанияның өсіп-өркендеуі жолында үлес қосқысы келіп отырған өнертапқыш жастарға қатты риза болып отырмын. Өнертапқыштық дегеніміз – әр нәрсенің сырын ашу. Сырын ашу арқылы оны өз ығымен жүргізу. Сіздер тапқан жаңалықтардың бағасы өндірістегі тиімділігімен өлшенеді. Өздеріңіз сияқты «алтын басты» жастар ел мен Өзен кенорны болашағы үшін қызмет жасау керек» – деді бас директор.
Жүлдегерлер диплом мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх