Жоспар айқындалды

Жоспар айқындалды
27.12.2018
60
Қызметкерлер

Жоспар айқындалды

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның HR-мамандары қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу мәселелері жөніндегі жыл сайынғы дәстүрлі форумда осы жылдың қорытындылары мен 2019 жылға жоспарларын талқылады.
Шараға басқару аппараты мен барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. 
Аталған форум аясында жыл сайын кадр саласының мамандары алда тұрған мәселелерді талқылап, алдағы жоспарларды айқындайды. Мұнай бағасының тағы да түсуі мен бас компанияның алдағы уақытта IPO-ға шығуы компания алдына жаңа міндеттерді жүктеп отыр. 
Шара барысында 2018 жылдың қорытындылары туралы барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелерін HR-бөлімдерінің жетекшілері есеп берді. Есептік баяндамаларда қызметкерлерді оқыту мен дамыту, кадрлық басқару, жұмысшылардың сандық және сапалық құрамы, еңбекке ақы төлеу және реттеу мәселелері бойынша мәліметтер келтірілді. Соның ішінде, еңбекке ақы төлеу және реттеу, дуалдық оқыту, мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығу қорытындылары мен басқа да мәселелерге ерекше назар аударылды. 


ЕМГ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры Гүлбану Шарафетдинова форумға қатысушыларға ағымдағы жылдың сәуір айында 10 жылдық мерзімге қабылданған ЕМГ-нің даму тұжырымдамасы аясындағы «Қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеудің 2017-2027 жылдарға арналған функционалдық стратегиясының» орындалу барысы туралы баяндады. 
Форум соңында кадр қызметінің есебі бойынша қорытындылар шығарылды. Ал, Компанияның HR-бөлімдерінің үздік қызметкерлеріне Құрмет грамоталар табыс­талды.  
Атап айтсақ, қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің еңбек және жалақы бөлімінің басшысы Гүлшат Сарекенова, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу бөлімі бастығының орынбасары Әлия Талпақова, «Доссормұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі инженері Нұргүл Нұрғалиева, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу бөлімінің кадрларды даярлау жөніндегі инженері Естай Мамбетов, «Ембімұнайэнерго» басқармасының қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу тобының кадр жөніндегі 2-санатты маманы Райхан Балғымбаева марапатталды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх